Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғандық студенттер нашақорлыққа қарсы қойылым қойды

Талдықорған құрылыс-техникалық колледжінің белсенді студенттері ерекше театралдық қойылыммен нашақорлыққа қарсы акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанның белсенді жастары “Есірткісіз өмір кереме” атты спектакль қойды.

Іс-шараға облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, прокуратура, денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

– Есірткіні қолданатындардың өмір көрінісі жасөспірімдерге түсінікті болуы үшін, біз әдеттегідей оны сөзбен айтпай, осындай өмір салтының салдарын және олармен қалай күресуге болатынын көрсетуді шештік, – деді спектакльдің ұйымдастырушылары.

Театр қойылымынан басқа студенттерге есірткіні қолданған жасөспірімдердің өміріндегі қайғылы оқиғалар, синтетикалық заттарды қолданатын жастардың тағдырлары туралы негізделген бейнематериалдар көрсетілді.

– Жастық шақта жасалған қателік болашақты бұзуы мүмкін. Біздің міндетіміз әрбір жасөспірімге болашағымыз екенін жеткізу. Мемлекет үшін болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау өте маңызды. Жастар өздерін қалай қорғайтынын білулері керек. Біз өз кезегінде олардың осыны түсінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі Меруерт Искакова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру