Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясы облыстың күштік құрылымдары арасында волейболдан үздік атанды

Жетісу облысының полиция құрамасы облыстың күш құрылымдары арасында волейболдан үздік атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекаралық басқармасының 100 жылдығына орай Жастар спорт кешенінде құқық қорғау және арнайы органдар арасында волейболдан жарыс өтті.

– Жарысқа облысымыздың түрлі күш құрылымдарының атынан 7 команда қатысты. Жеңіс үшін күрес оңай болмады, соған қарамастан біздің спортшылар жақсы ойын көрсетіп, бірінші орынды лайықты түрде иеленді, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Жетісу облысының ҰҚКД командасы алды, екінші орынға ҚР ҰҚК ШҚ командасы тұрақтаса, турнир чемпионының кубогын облыстық полиция департаментінің командасы жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру