Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына не істеу керек және қайда бару керектігін айтты
Ағымдағы жылдың 21-30 маусымы аралығында Алматы қаласының аумағында отбасының рөлін күшейту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу шаралары туралы халықты ақпараттандыру мақсатында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» республикалық науқаны өткізілуде.
– Науқанның негізгі басымдықтары – әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорлармен алдын алу жұмысын жүргізу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына оңалту қызметтерін көрсететін мамандармен өзара әрекеттесу. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісін тоқтату және кінәліні жауапкершілікке тарту үшін «102» нөміріне, сондай-ақ «105» және «111» сенім телефондарына қоңырау шалу қажет. Сонымен қатар тұрғындар хабардар болуы үшін, қаланың әр учаскелік полиция бөлімшесінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлардың телефон нөмірлері мен деректері көрсетілген нұсқаулық бар екенін атап өткім келеді, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Ақпарат үшін: тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда, Алматы полициясы жедел түрде келесі телефондарға қоңырау шалуға шақырады:
Алматы қаласы ПД 2544042,
Алатау ауданы бойынша 2275502,
Әуезов ауданы бойынша 2985302,
Алмалы ауданы бойынша 2544612,
Бостандық ауданы бойынша 2544702,
Жетісу ауданы бойынша 2544902,
Медеу ауданы бойынша 2544802,
Наурызбай ауданы бойынша 2544948
Түрксіб ауданы бойынша 2985402