Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер кезекті алаяқты ұстады

Шымкенттік полицейлер кезекті алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

2021 жылдың 21 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу мемлекетттік бағдарламамен кезектен тыс үй алып беремін деп 600 мың теңге ақшасын алып, осы уақытқа дейін үй алып бермей, алған қаржысын қайтармай жүргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру