Полиция қызметкеріне тіл тигізген ақмолалыққа қатысты тергеу басталды
Полиция қызметкеріне тіл тигізген ақмолалыққа қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 сәуір күні сағат 18:00 шамасында учаскелік полиция инспекторы Пушкин көшесіндегі үйдің ауласын аралау кезінде облыс орталығында мас күйдегі ер адамды байқаған.
Ақмола тұрғыны тәртіп сақшысының ескертуіне әрекет етпеген. Өзін агрессивті ұстап, полиция қызметкеріне балағат сөздер айтқан. Учаскелік инспектор арнайы құралдарды-кісендерді қолдануға мәжбүр болды. Облыс орталығының 70 жастағы тұрғыны медициналық куәландырудан өту үшін медициналық мекемеге жеткізілді.
Сараптама бойынша, ер адам “орташа” дәрежеде мас болған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 378-бабы 2-бөлігі (Билік өкілін қорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Баптың санкциясы 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 160 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны көздейді. Істің өзге мән-жайлары анықталып жатыр.
Полиция азаматтарға қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде билік өкілдерін қорлағаны, бағынбағаны және қарсылық көрсеткені үшін жауапкершілік туралы ескертеді.