Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 23 шетелдікті анықтады

Көлік полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 23 шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 432 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 97-сі сот шешімі бойынша елден тысқары шығарылды. Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 23 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 14-і Үндістан, бесеуі Өзбекстан, біреуі Пәкістан және тағы біреуі Армения азаматы.

Мәселен, көлік полицейлері Алматы қаласының халықаралық әуежайы мен вокзалында халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзған Үндістанның 14 азаматын анықтады. Олардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында (әуежайлар мен вокзалдар) тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ өтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру