Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының бастамасымен шағын футболдан турнир ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

15-ақпан күні Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толады. Соғыс 9 жыл қан төгумен жалғасты.

Бұл күн бұрынғы Кеңес Одағының барлық елдері үшін маңызды, өйткені олардың әрқайсысының азаматтары КСРО Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып, өз Отанының мүддесін қорғап, жауынгерлік іс-қимылдар аймағына келген.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының бастамасымен, “Динамо” спорт кешені базасында, 2020 жылғы 8-ақпанда 1988 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына орай шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Шағын-футбол ойынына әр мекеменің тәрбие қызметінің өкілдері мен ҚАЖ департаментінің кадр аппараты қатысты.

Командалар кездесулерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздардың бірінші үштігі анықталды: I орын – АП-162/1 мекемесі, II орын – АП – 162/3 мекемесі, III орын – АП-162/2 мекемесі. Іс-шараның мақсаты өз еліне патриоттық сезімді тәрбиелеу және салауатты өмір салтын алдын алу болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру