Полиция қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны азайды
Полиция қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатаңдату қажеттігін атап өтті. Қызметтік тәртіп мәселелері біздің ведомствода басты орынға ие және тәртіп бұзушыларға қатысты түбегейлі саясат нәтиже бере бастады, – деді ведомствоның алқа отырысында ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде ІІМ қызметкерлері жасаған қылмыстар саны соңғы 3 жылда 43%-ға азайды. Бұл ретте олардың 74 %-ын өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері анықтады.
Анти-рейтингте Қарағанды, Алматы, Қызылорда облыстарының және Көліктегі полиция департаменттері көш бастап тұр.
Жергілікті жерлерде тұрақты диагностика жүргізу үшін полиция бөлімдерінде жаппай бейнебақылау орнатылатын болады.