Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлерінің балаларына шырша шамы жағылды

Полиция қызметкерлерінің балаларына шырша шамы жағылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада ғажайып мереке қарсаңында ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінің балаларына арналған дәстүрлі жаңажылдық шырша кеші өтті. Іс-шара балалар мен олардың ата-аналарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жаңажылдық кеш ерекше форматта өтті. Ол театрландырылған концерттік бағдарламадан басталды. Әртістер ән айтып, би билеп, түрлі көріністер көрсетті.

Ертегі кейіпкерлері балаларға түрлі эмоция сыйлады. Бағдарлама кішкентай қонақтарға ерекше əсер қалдырды. Қойылымды тамашалаған балалардың көздері қуаныштан жарқырап тұрды.

Бағдарламалардың негізгі бөлігінен кейін балақайлар Аяз ата, Ақшақармен бірге шырша шамын жақты. Көңіл-күйді ұзағырақ көтеру үшін әр балаға тәтті сыйлық берілді. Айта кетейік, полицейлердің балаларына арналған жаңажылдық іс-шараны Ардагерлер кеңесі мен “ІІО қызметкерлерін әлеуметтік қолдау” қоры ұйымдастыруға көмектесті.

– Ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары үшін осындай іс-шараларды өткізу – жақсы дәстүр, өйткені ата-аналар көп уақытын қызметте өткізеді, өкінішке қарай, балаларға жеткілікті көңіл бөле алмайды. Осы ғажайып отбасылық мерекеде балаларға арналған ертеңгіліктер ұйымдастырып, олардың бақытты жүздерін көру біз үшін жағымды іс. Балаларға болашақта үлкен жетістіктерге жетуді, ата-аналардың мақтанышы және лайықты азаматтар болуды тілейміз, – дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, шыршаға ІІО қызметкерлерінің 200-ден астам баласы қатысты. Сондай-ақ осындай мерекелік қойылымдар барлық өңірлік полиция департаменттерінде өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру