Полиция су басқан үйінде бірнеше күн бойы қалып қойған ер адамды құтқарды
БҚО-да полиция қызметкерлері бірнеше күн бойы су басқан үйінде қалып қойған ер адамды құтқарып, қауіпсіз жерге жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО полиция департаментінің басшылығы өз мүлкіне алаңдаған саяжай қоғамдары тұрғындарымен кездесу өткізуге барды. Тұрғындарға қазіргі уақытта су басқан саяжайларды дронның көмегімен көруге болатындығы және барлық аумақта полиция және құтқарушылар бар екендігі түсіндірілді.
Сондай-ақ полиция және ТЖД қызметкерлерімен келісім бойынша тұрғындар қайықпен бірге жүзіп барып, өз үйлерін тексеру мүмкіндігі бар екендігі жеткізілді.
Мәселен бүгін полиция қызметкерлерінің жұмысын бақылау және су басқан елді мекендерді тексеру барысында БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Жанболат Жаншин, БҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командирі полиция подполковнигі Асланбек Бисенгалиев Алматы қаласы ТЖД ӨҚЖ қызметкерлерімен бірге саяжай қоғамында тұрып жатқан азаматты байқайды.Ол өзінің су басқан үйінде бірнеше күн бойы болғаны белгілі болды.
Ер адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.