Полиция түрғындарға жеке мүлікке сақ болуға шақырады
Жетісу облысы полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын жеке мүліктің сақталуына мұқият қарауға және қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Әсіресе қоғамдық көліктерде, базарларда, сауда орталықтарында және адам көп жиналатын орындарда қырағылық таныту қажет. Полицейлер телефондар, әмияндар және басқа да бағалы заттарды ашық қалталар мен сөмкелерде қалдырмауға, сондай-ақ жеке заттарды үнемі бақылауда ұстауға кеңес береді.
Сондай-ақ азаматтарға айналасындағы жағдайға мұқият болып, күдікті адамдарды немесе құқыққа қайшы әрекеттерді байқаған жағдайда дереу “102” арнасына хабарлауға кеңес беріледі.
Полиция еске салады: қарапайым сақтық шараларын сақтау мен қырағылық таныту – жеке мүліктің сақталуының басты кепілі.
