Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация есебіндегі 4 жасөспірім мен 10 азаматшаға көмек көрсетілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің қызметкерлері «Шанс» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, пробация есебінде тұратын тұрмыс жағдай төмен, көпбалалы отбасылар мен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге қол ұшын созып, көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда қалалық пробация қызметі есебінде төрт жасөспірім есепте тұр. Олар  жасөспірімдерге оқу құраларды мен азық-түлік таратты. Сонымен қоса, есепте тұратын бала тәрбиесімен айналысып отырған, 10 азаматшаға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пен қорғаныш құралдарын берді.  Жаны жомарт жандардың арқасында қуанышқа бөленген балалардың ата-аналары пробация қызметкерлері мен ұйымдастырушы азаматтарға алғысын жеткізді.

– Бұндай қайырымдылық көмек жиі өткізіліп тұрады. Бұған дейін де балалар күніне орай есептегі төрт жасөспірімге осы секілді азық-түлік, киім-кешек алып бардық. Пробация есебінде тұратын көп балалы аналар да назардан тыс қалған емес. Қазіргі уақытта қалалық пробация есебінде 588 қоғамнан байланысты емес жаза түріне сотталғандар есепте тұр. Оның ішінде 97 әйел азаматшасы. Жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, жұмыспен қамту бөлімі, қоғамдық қорлармен бірлесе жұмыс атқарамыз. Қоғамдық қордың қолдауымен көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қандай жұмыс атқарсақ та, ең басты мақсатымыз – сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, – деді қалалық пробация қызметінің бастығы Бахытжан Наурызбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру