Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация есебіндегілерге бос орын жәрмеңкесі өтті

Пробация қызметінде есепте тұрған адамдар үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру болып табылады.

СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлеріЕсіл ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” КММ жәнеЕсіл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ қызметкерлерімен бірлесіп СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданының ҚБП есебінде тұрған адамдар арасында жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдар арасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Сондай-ақ, жұмысқа орналастыру, оқыту және мамандық алу арқылы қайта оқыту бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.

Іс-шара аяқталған соң есепте тұрған екі адамға жұмысқа орналасу үшін бос орындар ұсынылды, одан әрі жұмыс іздеуші адамдар ретінде есепке қойылды.

Осы бағыттағы жұмыс ауданның білім беру бөлімінің тұрақты бақылауында тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру