Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметі бөлімінде есепте тұрғандар «Жылжымалы флюорография» шарасына қатысты

Солтүстік Қазақстан облысы пробация қызметінің есебі бойынша белгіленген пробациялық бақылауы бар жеті есепке алынған адам тексерістен өтті, оларға қатысты сот шешімімен туберкулезден емдеу курсынан өту белгіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында туберкулезбен күрес саласындағы өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы жасалған меморандум аясында адамдардың осал топтарына назар аудара отырып, Петропавл қаласы бойынша ҚАЖД пробация қызметі бөлімі «Сенім-Солтүстік» қоғамдық бірлестігімен Петропавл қаласы пробация қызметі бөлімінің аумағында іс-шара ұйымдастырды, онда әрбір тілек білдіруші Денсаулық сақтау органына бармай және кезек күтпей флюроографиялық тексеруден өте алды.

«Жылжымалы флюорография» деп аталатын шараға Петропавл қ. пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған 50-ден астам сотталған қатысты. Тексеру жүргізу кезінде КВИ алдын алу бойынша барлық шаралар, қашықтық, сондай-ақ маскалық режим қатаң сақталды.

– Кез-келген аурудың алдын алу – оны жеңуден оңай. Пробация ғимаратының жанындағы мобильді флюорограф жыл сайын пайда болады. Қазіргі уақытта Петропавл пробация қызметінің есебінде 394 сотталған тұр. Өткен жылы сотталғандарды тексеру кезінде туберкулез ауруының екі фактісі анықталды. Адамдар флюорографиядан өту үшін көп уақытын жоғалтпайды. Барлық нәтижелерді облыстық фтизиопульмонология орталығынан алуға болады, – дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

– Пробация қызметінің инспекторы маған қоңырау шалып, сейсенбіде флюорографиялық тексеруден өту үшін келу қажет екенін айтты. Ауруханада кезекте тұру ыңғайсыз және ұзақ уақыт алады, – деп бөлісті сотталған Н.

Мұндай іс-шара алғаш рет өткізіліп отырған жоқ және барлығы үшін тегін.
Бұл акция халықтың әлеуметтік осал топтарында туберкулезді ерте сатысында анықтауға көмектеседі, аурулар анықталған жағдайда, тексеру нәтижелері тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау органдарына жіберіледі, сондай-ақ адамға хабарланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру