Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Іздеуде жүрген азамат ұсталды

Павлодар облысында Қырғызстан Республикасында іздестіріліп жатқан азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Павлодар облысының жедел қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Екібастұз қаласында Қырғызстан Республикасының Әділет министрлігі іздестіріп жатқан Павлодар облысының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру барысында Қазақстан Республикасы азаматының 1998 жылы көрші мемлекетке ақша табу үшін барғаны және онда металл бұйымдарын ұрлағаны анықталды. Ол 2002 жылы көрші мемлекеттің бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, бірақ Қырғызстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір жыл ішінде елден шықпауға және ай сайын тұрғылықты жері бойынша белгіленуге келуге тиіс еді. Алайда ер адам Отанына оралған. Ол 18 жылдан кейін ғана ұсталды, бұл туралы іздестіру бастамашысына хабарланды,- деп атап өтті жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Бұдан басқа полицейлер бір тәулік ішінде 852 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 155 азамат алкоголь ішкен, 86 азамат ұсақ бұзақылық жасаған, 49 азамат жол қозғалысы ережелерін және 140 азамат көші-қон заңнамасын бұзған. Сондай-ақ рейдтік іс-шаралар барысында 77 азаматтың отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы заңнаманы бұзғаны анықталды, 13 ата-ана кәмелетке толмаған балаларын тиісінше тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартылды.

– Полицейлер түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілеріне де  ерекше көңіл бөледі. Айта кетейік, 23 қараша күні сағат 01.30 шамасында Н.Назарбаев даңғылында орналасқан үй тұрғындарынан полицияға тыныштықты бұзған көршілеріне қатысты шағым түскен. Тексеру кезінде факт расталды, учаскелік полиция инспекторы пәтер тұрғындарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғады, – деп атап өтті Ғалым Сарғұлов.

Тәртіп сақшылары қару иелерін де тексерді. Железин ауданының тұрғындарынан “ТОЗ-54” маркалы тіркелмеген аңшы мылтығы тәркіленді. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы Республика аумағында 2020 жылдың 23-30 қарашасы аралығында өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру