Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөспіріммен бірге сыра ішкен азаматша жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысында кәмелетке толмағанмен бірге сыра ішкен азаматшаға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қармақшы ауданы Жосалы кентінің 26 жастағы  тұрғыны 2004 жылы туған жасөспіріммен бірге сыра ішкен.

Азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 131-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге жеткізу) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданған.

Сотта азаматша өз кінәсін толық мойындады. Қармақшы аудандық сотының 2020 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен оған 38 892 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар құқық бұзушы ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру