Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қамысты ауданында браконьерлер ұсталды

Қостанай облысының Қамысты ауданында заңсыз аң аулады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция инспекторлары Қамысты ауылына кіре берісте “Mitsubishi Pajero” маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлікте үш жергілікті тұрғын болған.

Көлікті тексеру барысында патрульдік полиция қызметкерлері еліктің етін, сондай-ақ өлтірілген жануардың қаны жұққан екі мылтық, пышақ және көлікте болған азаматтардың жеке заттарын тәркіледі.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 337-бабы(Заңсыз аңшылық) бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру