Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дөңгелек ұрлаған күдіктілер ұсталды

Павлодар облысында дөңгелек ұрлаған азаматтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қарашада Павлодар қаласының полицейлеріне белгісіз біреудің саяжайына заңсыз кіріп, кілемдерін, ыдыс-аяқтарын, автомобиль дөңгелегі мен радиаторын ұрлағаны туралы жергілікті тұрғын арызданған.

Келтірілген шығын 100 000 теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-тармағының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осындай жағдай келесі күні Баянауыл ауылында да орын алды. Мұнда “Лада Приора” автокөлігінен белгісіз біреу төрт дөңгелек ұрлаған.

Автокөлік иесіне келтірілген шығын 120 000 теңгені құрады.

Алайда күдікті алысқа кете алмады. Қаскүнемге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру