Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Гаражға ұрлыққа түспекші болған күдікті ұсталды

Қарағандылық полицейлер зейнеткердің гаражынан ұрлық жасамақшы болған күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қараша күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 86 жастағы зейнеткер хабарласып, белгісіз біреулердің оның гаражының қабырғасын бұзып, ішіндегі заттарды ұрламақшы болғаны туралы арызданған.

Жәбірленуші азаматшаның айтуынша, ұрыны сол маңда жүрген адамдардың бірі көріп, сондықтан ол қашып кеткен.

Қылмысқа куәгер болған азаматтардың сөзіне сәйкес күдіктінің жас шамасы 45-50 жас аралығында екені белгілі болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы азаматты ұстады, ол қылмысын мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-188 бабына  (Ұрлық жасауға оқталу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру