Пробация қызметінде сотталғандармен психологиялық жұмыс жүргізілуде
Шығыс Қазақстан облысы пробация қызметінде сотталғандармен психологиялық жұмыс жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта сотталғандардың басым бөлігі әлеуметтік көмекке мұқтаж. Пробация қызметі бөлмінде психолог алдын ала диагностикалау жұмыстарын сотталғанмен алғаш кездескен сәттен бастайды, процесс барысында басым проблемаларды және маңызды жеке тұлғалық келбеттерді анықтайды.
Алайда, жеке істе көрсетілген мәліметтерден деректерді алу, көзбен шолып шығу, кейбір сотталғандардың мінез-құлқындағы сезімдер мен теріс нысандар толық болмайды және қате шығуы мүмкін.
Зерттеу үрдісінде басым орын алатын тест түріндегі және жобалық әдістердің әралуандылығы, дара әдіс ретінде психологиялық әңгімелесуге жатады, оның көмегімен адамның өміріндегі психологиялық көріністер туралы деректерді алуға болады. Пробация қызметінде бақылауында тұрған кейбір сотталғандар алғаш диагностикалық зерттеу үрдістеріне теріс пиғылмен қарайды, кейбір кездерде өздеріне қауіп төндіреді деген оймен, тестілеуге қатысудан бас тартып жатады.
Сондықтан, сотталғандардың психологтармен кездескен кездегі алғашқы әсері, оларды тексеруге және алдағы уақытта байланыс орнатуға айтарлықтай әсер етеді. Әңгімелесу барысында бөгде адамдардың қатысуы алаңдатушылық, қорқыныш және сенімсіздік жағдайларын тудыруы мүмкін.
Алғашқы психологиялық әңгімелесу аралас сұхбат нысанында жүргізіледі, себебі мұндай сұхбат адам туралы жалпы мағлұматтар алуға кеңінен мүмкіндік туғызады.
– Психологиялық әңгімелесу барысында сотталғаннның жеке ісіндегі материалдарды зерделеу, әңгімелесу жоспарын құру, сұрақтарды тиянақты ойластырып алу секілді алдын ала дайындалу жұмыстары артықшылық етпейді.
Сотталғанның жеке тұлғасын зерделеу – құқыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алуға, бақылауда тұрған сотталғандардың жеке тұлғасының оң жолды таңдауына табысты психологиялық және педагогикалық ықпал етудің, міндетті шарты болып табылады. Өз кезегінде психологтар фактілерді айқындаумен ғана шектелмейді, олар сотталғандардың жаңа жағдайға ойдағыдай бейімделуіне көмек көрсету мақсатында ықпал ету шараларын өңдеу болып табылады, – дейді Глубокое аудандық пробация қызметінің инспекторы Аяужан Субебаева.