Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметінің есебінде тұрған еріктілер марапатталды

Түркістан облысында ерікті тобындағы сотталғандар марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби ауданының азаматтары мен аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандар арасынан құрылған еріктілер биылғы жылы төтенше жағдай және карантин кезінде жүздеген отбасыға көмектесті.

Жомарт жүректілер көктем мезгілінде Төлеби  ауданына орын алған су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға да бірқатар көмектер көрсеткен болатын.

Бұл волонтерлер атқарған қайырлы ісінің аз ғана бөлігі. Бүгін Төлеби аудандық пробация қызмет бөлімінің бастығы әділет майоры Асқар Қамбарбаев Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Айдар Нурсеитовтың атынан ең белсенді еріктілерге алғыс хат табыстады. Бұл жандар құрметке лайық. Олар төтенше жағдай кезінде күн-түн демей мүшкіл һәлде қалған жүздеген отбасының жағдайын жақсартуға атсалысты. Мақтауға да, марапатқа да лайық.

Салтанатты іс-шара барысында пробация қызмет бөлімінің басшысы Асқар Қамбарбаев еріктілердің атқарған жұмысына алғысын айтып, олардың әрқайсысының ел үшін қиын уақытта қосқан зор үлесін атап өтті. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру