Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметкерлері бейнежетондармен қамтамасыз етілді

Атырауда пробация қызметкерлері бейнежетондармен қамтылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қалалық пробация қызметі бөлімінің жеке құрамы бейнежетондармен қамтамасыз етілді.

- Есепте тұрған тұлғаларды кешкілік мекенжайы бойынша тексеру бейнежетонмен жүргізілетін болады. Бейнежетон қолданудың мақсаты - қызметкерлер мен есепте тұрған тұлғалардың қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады, - дейді Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, қазіргі таңда қалалық пробация қызметінде 1000-нан астам сотталған азамат есепте тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру