Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

4 келіден астам марихуана алынды

Маңғыстау облысының полицейлері заңсыз айналымнан 4 келіден астам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мұнайлы ауданының тұрғынын ұстады.

Оның “Lada Granta” маркалы автокөлігінің салонынан марихуана табылған. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы төрт келіден асты.

Күдіктіге қатысты аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соттың санкциясымен ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру