Пробация қызметкерлері экосенбілік ұйымдастырды
Семей қаласының пробация қызметкерлері мен еріктілер Бейбітшілік аралында экосенбілік ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласының Бейбітшілік аралындағы экологиялық акцияның бастамашысы орталық аудандық пробация қызметі және Семей қаласының еріктілері болды. Қазіргі уақытта қоршаған ортаны ластанудан сақтау мәселесі әр қалада ең өзекті болып табылады. Экосенбіліктің қатысушылары Бейбітшілік аралын, сондай-ақ Ертіс өзені аумағының жағалауын қоқыстан тазалау туралы шешім қабылдады, себебі ол қаланың маңызды табиғи объектісі болып табылады. Өзінің географиялық және экономикалық қолжетімділігінің арқасында Бейбітшілік аралы көптеген келушілерді тартады.
Көбінесе қала тұрғындары мен туристтер қоқыс пен тамақ қалдықтарын қалдырады. Оқиға орнына келген экологиялық акцияға қатысушылар екі топқа бөлінді. Тырнауыштармен, қаптармен және қолғаптармен қаруланған олар, барлық қоқыстарды жинап, Ертіс өзенінің жақын аумағын тазалады.
Экосенбілік кезінде қоқыс жай ғана тазаланбады, қайта өңдеуге жіберу үшін пластик, қағаз және шыны ыдыстар бөлек қаптарға жиналды. Акция барысында қатысушылар бірнеше ондаған қап қоқыс жинады, ірі көлемді қоқысты кәдеге жарату үшін арнайы машиналар алып кетті.
– Экосенбілік #Birge, #TazaQazaqstan акциясын қолдау мақсатында өтуде. Оның негізгі мақсаты – шағын өзендер мен су қоймаларының жағалауларын, су қорғау аймақтары мен көпшілік демалатын орындарды тазалау, ағаштар отырғызу, сондай-ақ қаланың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады, – деді Семей қаласының еріктілері.
– Бейбітшілік аралында өткізілген кезекті экосенбілік болашақта табиғаттың ластану проблемасын шешуде және балалар, жастар мен біздің қаламыздың тұрғындары арасында қоршаған ортаны қорғауды насихаттауда маңызды рөл атқарады. Кез-келген адам үнемі өткізілетін табиғатты ерікті түрде тазартуға қатыса алады. Мысалға сүйене отырып, көптеген қала тұрғындары да өз үлестерін қосып, қоршаған әлемді таза ұстағысы келеді деп үміттенеміз, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қаласы Орталық ауданының қызмет инспекторы Гульжан Байдакпаев.