Пробациялық бақылауды сақтамаған екібастұздық жеті жылға колонияға жіберілді
Екібастұздық азамат пробациялық бақылауды сақтамағаны үшін жеті жылға колонияға жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2016 жылдан бастап Екібастұз қаласының пробация қызметінде қарақшылық жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған есепте тұрды, ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде, пробациялық бақылау белгіленіп, жаза шартты деп есептелді.
Одан әрі 2016-2022 жылдар аралығындағы жеті жыл ішінде есепте тұрған тұлғамен міндеттер жүктей отырып, шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын орындау бойынша жұмыс атқарылды, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жібермеу жөнінде профилактикалық әңгімелесулер, тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстарға қарамастан, сотталған өзіне тиісті қорытынды жасаған жоқ, шартты түрдегі жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұза бастады: ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тіркеуге келмеді, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен сотталған А. өзінің кәмелетке толмаған үш баласының тағдырына бей-жай қараған, оларды тәрбиелеуден және асыраудан жалтарған. Оған 5 миллион теңгеден астам алименттік қарыздың болуы дәлел. Барлық көрсетілген құқық бұзушылық фактілері бойынша шартты түрде сотталған А.-ға бірнеше рет ескерту жасалды.
– Екібастұз қаласы пробация қызметінің қызметкерлері шартты соттылығының күшін жойып, сот үкімі бойынша нақты мерзім тағайындау туралы материал жолдады. Екібастұз қалалық сотының үкімімен 47 жастағы екібастұздық азаматқа қатысты шартты жазаның күші жойылып, сот үкімімен жаза тағайындалды, яғни 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал ол барлық шектеулерді сақтай отырып, бар болғаны бір жыл бір ай ғана жазасын өтеуі керек еді, – деп түсіндірді Екібастұз қаласы пробация қызметінің бастығы.
Сотталған жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады.