Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“PS-4” пен теледидарды жалға алып, қайтармай қойған шымкенттік анықталды

“PS-4” пен теледидарды жалға алып, қайтармай қойған шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 22 маусымында Әл-фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында шымкенттік жігіт 120 000 теңге тұратын “PS-4” және құны 100 000 теңге тұратын қара түсті теледидарын тәуліктік жалға алып, заңсыз иемденіп кеткенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Әл-фараби АПБ КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру