Психологиялық қолдау күні өткізілді
Қызылордалық полицейлер «Психологиялық қолдау күнін» өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің саптық бөліністері қызметкерлерінің жұмысқа ынталарын арттыру, шаршау синдромының алдын алу және кезекші бөлімнің кезекшілікке түскен қызметкерлерінің жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында «Психологиялық қолдау күні» тақырыбындағы акция өткізілді.
Акция барысында Департамент психологтары жеке құрамды жұмыста күтіп алып, оларға психологиялық қолдау көрсетті.
Күннің ызғарына қарамастан әрдайым өз қызметтерін адал атқарып жүрген қызметкерлерімізге қолдау көрсету олардың жақсы қасиеттерін арттыратыны анық.