Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ардагерлер полк қызметкерлерімен кездесу өткізді

Қарағанды облысының ПД басшылығы мен ардагерлері Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық ПД бастығының орынбасары Қайыркен Әлиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұман Нұрпейісов, ішкі істер органдарының ардагері, полктің бұрынғы командирі Ахат Исин, ПД бастығының кеңесшісі Болат Ахимбеков Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Ардагерлер патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің қылмысқа қарсы  күрестің алдыңғы шебінде екенін атап өтті. Оқиға орнына бірінші болып жететін полк қызметкерлері  адам өміріне байланысты шешімдерді тез арада қабылдауы қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар жақында полк полицейлерінің жас қызды суицидтен, ал былтыр суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалғаны туралы мақтанышпен еске алды.

Көп жыл полк командирі болған Ахат Исин өз тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңес айтты. Полк командирі болған кезде аса қауіпті қылмыскерді жеке өзі ұстап, тұтқындарды босатып алуымен көпке үлгі болған ардагер қызметкерлерге табысты қызмет тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру