Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету бойынша сабақтар өткізілді

Қызылорда облысында түзеу мекемесінің қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету бойынша сабақтар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД мен Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен түзеу мекемесінің қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету барысында қолданылатын әдістер туралы сабақтар өтті.

Қызылорда жоғарғы медицина колледжінің оқытушылары алғашқы медициналық көмек түрлерімен таныстырып, базалық деңгейдегі практикалық сабақтар өткізді.

Мұндай алғашқы медициналық көмек тергеуге қамалған айыпталушылар мен сотталғандардың өмірін аман алып қалу үшін талып қалу, ауа жетіспеушіліктің алдын алу кезінде ең қажетті алғашқы көмек болып табылады. Неғұрлым тез көрсетілген алғашқы медициналық көмек зардап шегушінің одан кейінгі жағдайына, өмірін сақтап қалуға шешуші әсер етуі мүмкін.

– Түзеу мекемелерінде сотталғандар арасындағы өлім жағдайының алдын алу және болдырмау мақсатында өткізілген сабақтарға  20 қызметкер қатысты. Екі күнге созылған сабақтар барысында мекеме қызметкерлері медициналық көмек көрсетуде қолданылатын әдістерді  меңгерді, – деді сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының санитар дәрігері Меруерт Шайымбетова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру