Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық алаяқ азаматтардың 15 млн теңгесін заңсыз иемденген

Павлодарлық азаматтың алаяқтық әрекеттерінің салдарынан еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам азамат зардап шеккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалған кәсіпкер азаматтарды интернет-сайттарда автобөлшектерді нарықтық бағадан төмен бағамен сату туралы хабарландыру орналастыру арқылы алдаған.

Тапсырыстарды қабылдай отырып, ол тауар үшін толық соманы алдын ала немесе ішінара банк картасына аударуды талап етіп, ал тапсырыстарды курьерлік қызмет арқылы жіберуге уәде берген.

Төлемді алғаннан кейін алаяқ тапсырыс берушілерді біраз уақыт бойы курьерлік қызметтің нашар ұйымдастырылуына байланысты жеткізудің кешігіп жатқаны туралы алдап, уақыт созып, содан кейін ұялы телефонын толығымен өшіріп тастаған.

Қазіргі таңда аталған алаяқтық фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру