Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық азамат жол-көлік оқиғасын жасап қашып кеткен

Атырауда жол-көлік оқиғасын жасап, қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Оқиға 1 желтоқсан күні сағат 20:15 шамасында қаладағы Берғалиев көшесінде орын алған. “102” операторына хабарласқан 20 жастағы “Opel Astra” көлігінің жүргізушісі белгісіз автокөліктің қарсы бағытқа шығып, соқтығу салдарынан көлігіне залал келтіріп, тоқтамастан оқиға орнынан кетіп қалғаны туралы шағымданған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында тиісті құжаттарды ресімдеумен қатар, жол-көлік оқиғасын жасаған көлікті іздестіріп, нәтижесінде оқиға орнынан қашып кеткен “Chevrolet Cruise” автокөлігі анықталды.

27 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабының 2-бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) әкімшілік хаттамалар толтырылып, Мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру