Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Пышақпен қорқытқан”: Астанада тұрғынның ақшасын иемденіп алған күдікті құрықталды

Астана тұрғынын пышақпен қорқытып, ақшасын иемденіп алған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта Астана тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреу қорқытып ақша алғаны жайында арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, бетперде киген азамат пышақпен қорқытып, қолма-қол ақшасы бар әмиянын иемденіп, 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Аталған оқиға бойынша Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Тексеру барысында аталған азаматтың бұл қылмысты бұрын жоспарлап, алдын ала медициналық киім мен бетперде сатып алғаны анықталды. Күдікті түнде Гоголь көшесіндегі металл қабылдау пунктіне келіп, жәбірленушіні қорқытумен мүлкін иемденіп, содан кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Құқық бұзушыны ұстау үшін, полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні қолға түсірген. Ер адам кінәсін мойындап, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру