«Қадағалаусыздық» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр
Ақтөбе облысында «Қадағалаусыздық» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЖАІШ жүргізілген нәтижесінде үшінші күнде ПБ-на 149 кәмелетке толмағандар жеткізіліп, оның ішінде тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23.00 – ден 06.00 дейінгі аралықта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 140 кәмелетке толмағандар да болды.
Сегіз ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Жасөспірімдер арасындағы бұзақылық, тонау және басқа да қылмыстардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде болу, сондай-ақ олардың алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату фактілерінің жолын кесу мақсатында 17-26 шілде аралығында облыс аумағында «Қадағалаусыздық» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жастар көп жиналатын орындарда және ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізеді.Іс-шара басталғаннан бері сегіз ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
24 жасөспірім және 21 қолайсыз отбасы ІІО есебіне қойылды.