Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қадағалаусыздық” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр

Ақтөбе облысында “Қадағалаусыздық” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЖАІШ жүргізілген нәтижесінде үшінші күнде ПБ-на 149 кәмелетке толмағандар жеткізіліп, оның ішінде тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23.00 – ден 06.00 дейінгі аралықта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 140 кәмелетке толмағандар да болды.

Сегіз ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Жасөспірімдер арасындағы бұзақылық, тонау және басқа да қылмыстардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде болу, сондай-ақ олардың алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату фактілерінің жолын кесу мақсатында 17-26 шілде аралығында облыс аумағында “Қадағалаусыздық” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жастар көп жиналатын орындарда және ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізеді.Іс-шара басталғаннан бері сегіз ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

24 жасөспірім және 21 қолайсыз отбасы ІІО есебіне қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру