Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

8288 бас иесіз жайылған мал айып тұрақтарына қамалды

Павлодар облысының полицейлері автожолдарда және жазғы жайылымдарда иесіз қалған малдарды анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Иесіз қалған мал мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр. Мал иелерінің өз мүлкіне немкұрайлы қарауы көбінесе қайғылы салдарға әкеледі. Мал жол-көлік оқиғаларының себебі, сондай-ақ зиянкестердің қылмыстық әрекетінің объектісі болып табылады.

Сондықтан, мал ұрлықты алдын алу, сондай-ақ оның қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларды алдын алу мақсатында, Павлодар облысының полицейлері автожолдарда және жазғы жайылымдарда иесіз қалған малдарды анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізеді.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 8288 бас иесіз жайылған мал айып тұрақтарына қамалды, оның ішінде: ірі қара мал – 4066, жылқы – 1233 және ұсақ мал – 2989. Облыс аумағында барлығы 139 айыппұл тұрағы жұмыс істейді.
Малды қараусыз қалдырылған иелерімен түсіндіру жұмыстар жүргізіледі. Барлық фактілер бойынша материалдар ветеринария органдарына құзіреті бойынша тексеру және иелерін жауапкершілікке тарту үшін жіберіледі.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес мал ұрлығы үшін жауапкершілік күшейтілді. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-1 бабы бойынша – мал ұрлығы, кінәлі адамдар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру