Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Қарағанды облысында 16-22 шілде күндері аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл шілде айының басынан Қарағанды облысының облыстың аумағында 20-дан астам жол –көлік оқиғалары болды, онда тоғыз адам қайтыс болып, жиырмасы әртүрлі ауырлығымен жарақат алды.

Жол жарақатының алдын алу және жол жүрісіне қадағалаудың тиімділігін күшеуту мақсатында облыстын полиция Департаменті 2020 жылдың шілде айының 16-нан 22 аралықта “Қауіпсіз жол” жедел –алдын алу іс-шарасын өткізуде.

ЖАШ барысында жолда полиция жасақтарының санын көбейтеді, тәртіп сақшылары волонтерлердің және қоғамдық өкілдерінің қатысуымен рейдтер жүргізіп, көлік жүргізушіге ғана емес, жол жүрісінің жаяу жүргіншілеріне де қатаң бақылау күшейтеді. Сонымен бірге, полицейлер автобуспен таксилерді тексеріп, шетел тіркеуіндегі автомобиль жүргізушілерінің көліктік тәртіптеріне бақылауды күшейтеді.

Қарағанды облысының Полиция департаменті жол жүрісінің барлық қатысушыларына жол жүрісі ережелерін орындауға, жолда қырағылықтарын және ұқыптылығын сақтауға, өзара сыйластық білдіруге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру