Қайта қылмысты болдырмау жұмыстары жүріп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында сотталғандар арасында баскетболдан жарыс өтті,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Өмірге деген қөзқарасы әлі қалыптасып үлгермеген жастарға сотталғаннан кейін өмірге бейімделу қиын, бұрынғыдай өмір сүруі,көзқарасы өзгереді.
Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат-пробация қызметінде есепте тұрған жастарды салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға баулу, қоғамға бейімделуіне жағдай жасау, спортқа деген қызуғышылықты жоғалтпау, қайта қылмыс жасауды болдырмау және алдын-алу болып табылады. Жарыс «Кез келген құқық бұзушылыққа төзімділік» бағдарламасы шеңберінде өтті.
Шараға Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Е.Калиев және оның басшылығындағы қызметкерлер де жарысқа белсене қатысып, жарыстың қызықты өтуіне атсалысты. Осындай шаралар салауатты өмір салтын насихаттайды, жас адамдар мінездерінде ерік тәрбиелейді және командалық рухын нығайтады.
Сонымен бірге барлық ойыншылар өздеріне жағымды эмоциялық қуат алды. Жарыс өте тартысты өтіп, шара барысында командалар грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.