Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өрт салдарынан қыз баланың денесі табылды

Елордалық құтқарушылар өрттен 20 адамды және 9 баланы құтқарды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін 14 сағат 14 минутта “101” пультіне Күйші Дина 39/1 мекенжайы
бойынша өрт болып жатыр деген хабар түсті. 7 минуттың ішінде өрт
сөндірушілер оқиға орнына келген кезде екінші қабатта пәтер өртеніп жатқаны
анықталды. Өрттің жалпы аумағы 45 шаршы метрді құрады.Кіре берісте қою түтін болғандықтан құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісіп кетті. Өрт сөндіру кезінде АКК баспалдағы және құтқару маскасы арқылы жалпы 20 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды.
Өрттің салдарынан әр түрлі жарақатпен ауруханаға алдын-ала болжам
бойынша 12 адам жеткізілді, олардың 6 –уы балалар (нақты зардап
шеккендер саны анықталуда). Өкінішке орай өрт сөндіру кезінде 4 қабаттан
1987 жылғы қыз баланың денесі табылды.
Өрт 14.37-де ауыздықталып, 14.41-де толығымен сөндірілді. Өрт сөндіруге 9
бірлік техника және 31 адам жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру