Қалалық полицияға тұрғындардан 9 мыңнан астам қоңырау келіп түсті
Петропавлда төтенше жағдай режимінің басынан полицияға 8916 қоңырау келіп түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығында 410 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Бұл күндері көшелердегі ахуал Жедел басқару орталығындағы қырағы полицейлердің бақылауында тұр. Тәртіп сақшылары профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Ал жазалау шаралары қоғамдық тәртіп пен карантин ережелерін қасақана бұзатындар үшін қарастырылған.
Күн сайын Петропавл қаласындағы тәртіпті қадағалауға 500 астам полиция қызметкері мен әскери қызметшілер жұмылдырылады. Жедел басқару орталығы камераларының патрульдік жасақтардың жұмысындағы көмегі орасан зор.
Петропавл қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының басшысы Нұрлан Мұхамеджановтің айтуынша, ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген уақыттан бастап бейнебақылау камераларының көмегімен 1069 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 677-сі – жолда жүру ережелерінің, 348-і – әкімшілік заңнаманың, 44-і – қоғамдық тәртіптің бұзушылықтары. Сондай-ақ, соңғы айда бейнебақылау камераларының көмегімен Петропавлда 17 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа, қалалық полицияға тұрғындардан 9 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. 2031 жағдайда полиция шұғыл түрде шаралар қабылдауы қажет болған. 7 мыңнан астамы – анықтамалық сипаттағы қоңыраулар.
Карантин кезінде полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарын биліктің барлық талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Бұдан бөлек, олар азаматтардан жақындары мен туыстарының денсаулықтарына бас-көз болуды, оқшаулау ережелерін бұзбауды сұрайды.