Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірқатар қызмет түрлерін онлайн-режиміне көшіру бойынша жұмыс атқарылып жатыр

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 36 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен көші-қон қызметі орталығы уақытша жабылды. Бұл шара коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу қажеттігінен туындады. Халықтың көші-қоны желісі бойынша мемлекеттік қызметтер тек “электрондық үкімет” порталы арқылы  көрсетіледі.

Олардың қатарындағы аса сұранысқа ие қызметтердің бірі – ҚР халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару. Жыл басынан осы қызметті алу үшін 12194 солтүстікқазақстандық жүгінген – бұл көші-қон қызметі бөліністері көрсеткен қызмет көлемінің үштен бірі болып табылады. 7537 адам бұл қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ алған, ол онлайн-режимінде “электрондық үкімет” порталында толық қолжетімді. Үйден шықпай-ақ шекаралас аумақтағы елді мекендерде тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын мәліметтерді ұсыну сияқты осындай қызметті ресімдеуге болады.

Қазіргі уақытта бірқатар қызмет түрлерін онлайн-режиміне көшіру бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Әзірге бұл процесс аяқталған жоқ”, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Талғат Әбілов. Бұдан бөлек, адамдарды жауапкершілік туралы мәселе алаңдатады. Карантин кезеңінде техникалық себептерге байланысты құжаттарын ресімдеп үлгермегендер әкімшілік жауапқа тартылмайды”.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру