Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қалта ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері телефон ұрлаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Азаматша өз арызында кешкі сағат 17:00 шамасында көрші ауылдан таксимен қайтып келе жатқанында белгісіз біреу жасырын түрде қалтасынан “Redmi” маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.
Сайрам АПБ-ның жедел уәкілдері және учаскелік полиция қызметкерлері “Учаске” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында осы ұрлық қылмысына қатысты күдіктінің жеке-басын анықтады. Осылайша тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай бір сағат ішінде өзінің тұрғын-үйінен ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Бас шарасы холқатта. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады.

Сондай-ақ, ұрылардың назары көп түсетін қоғамдық орындарда қымбат заттар мен ұялы телефондарды көрсетпеу керек. Егер сіз тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда дереу “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру