«… қалыпты өмірге оралуымыз үшін еңбек етіп жатырмыз»
Бүгінгі кейіпкер Атырау қаласы полиция басқармасы, Патрульдік полиция бөлімінің взвод командирі, полиция аға лейтенанты - Болатбек Азимов.
Екі баланың әкесі елімізде пандемия дерегі тіркелгелі бері алдыңғы шепте еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерінің бірі.
«Шыны керек, бос көшелерді, әсіресе, халық жоқ түнгі қаланы көрген кезде адам бір түрлі сезімде болады.
Біз қазақстандық полиция – қалыпты өмірге оралуымыз үшін еңбек етіп жатырмыз. Біз біргеміз», – дейді полиция аға лейтенанты Болатбек Азимов.
Қазақстанда пандемия басталғалы бері Атырауда 1100-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тəртіпті сақтау жолында уақытпен санаспай еңбек етіп жатыр.