Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызының қамын түрмеде қамдаған Василий

Павлодар облысындағы АП-162/3 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Василий отбасының қамын ойлап, жұбайы мен қызына арнап тіккен 20 масканы тарту етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Василий — ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Мерзімінің соңына дейін санаулы айлар қалыпты. Жазасын өтеп жүріп тігін тігуді де үйреніп алған. Жұбайы мен қызына арнап тіккен бетперделері – оның тырнақалды жұмысы.

– Әлемде не болып жатқанын біліп отырмыз. Өкінішке қарай, вирус елімізді де айналып өтпеді. Қорқынышты оқиғаларға қарап, мен азамат ретінде Қазақстандағы коронавирустың алдын алуға өз үлесімді қосқым келді. Бұл жерде жүріп тігін тігуді үйрендім. Сөйтіп бетті тұмшалап тұратын маска тігуге шешім қабылдадым. «Жұмысымның ақысы болсын, тігіп шығарған бетперделерімді отбасыма беріп жібергім келеді» деген өтінішімді әкімшілік құптай кетті. Жақындарымды қатты сағындым, – дейді Василий.

Түзеу мекемесі әкімшілігінің берген уәлесі орындалып, Василийдің қолынан шыққан бетперделер әйелі мен қызына жеткізілді.

– Әкемізден жеткен сыйлық – қазір ең қажетті зат болып тұр. Мекеме қызметкерлеріне алғыс айтамын, – дейді Василийдің жұбайы.

Айта кету керек, АП-162/2, АП-162/3 және АП-162/4 ҚАЖ мекемелері колониялардың тігін цехтарында бетперде күнде тігіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру