Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Анасын сағынған ақын түрмеде өлең арнады

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде  Г. есімді жазасын өтеуші 8 наурыз мерекесіне арнап анасына өлең оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 жылға бас бостандығынан айырылған ақын қыз 2019 жылдың ақпан айынан бері жазасын өтеп жатыр екен. Мекеме ішіндегі түрлі мәдени шараларға белсенді қатысып жүрген оның өлең-жырлары “Үміт сәулесі” газетіне де тұрақты басылып тұрады. Анасын сағынған ақын мейрам қарсаңында жүрекжарды өлеңін арнады.

«Бізде сотталғандар темір тордың арғы бетінде телміріп отырып қалмас үшін уақытты тиімді пайдалансын деп түрлі іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Бұл кісінің өлең жазатын қабілеті бар. Мекеме ішіндегі ұйымдастырылатын жарыстарға, шараларға тұрақты қатысып тұрады. Жуырда ұлы Абайдың 175 жылдығына орай өткен шарада да өлең арнап жатты. Осындай тәрбиелік мәні бар шараларды өткізу арқылы сотталғандарды қоғамға бейімдеп, оң көзқарасын қалыптастыруға болады. Осы шаралардың бәрі де жазасын өтеушілер түзу жолға түссе деген мақсаттан шыққан дүние» – дейді мекеме басшысының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Ералиев.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру