Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішік ұрлаған ерлі-зайыпты ұсталды

Алматы облысында ұрлап алған ішік тонды сүйіктісіне сыйлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол бұл қылмысқа азаматтық некедегі жарымен барыпты. Тұрғылықты жерін өзгертуді ойлаған жұп пана іздеп, үй жағалаған. Сондай үйлердің бірінде қожайынның жоқтығын пайдаланған ерлі-зайыпты ішікті байқап қалып, өздерімен бірге алып кеткен. Бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін істі болған отағасы сол тонды жарына сыйлағысы келген. Келесі күні үй ауласынан полицейлерді көрген екеуі сезіктеніп, ұрланған ішікті пешке жағып жіберген.

20 жастағы жігіт пен 33 жастағы сүйіктісі жасаған ұрлығын толығымен мойындады. Енді олар заң алдында жауап береді. Келіншектің жұбайы қамауға алынып, өзі мекен-жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру