Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қапшағайда жазаны өтеу ережелерін бұзған есептегі екі сотталған бас бостандығынан айырылды

Қапшағайда жазаны өтеу ережелерін бұзған есептегі екі сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандар арасында қайта қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін азайту мақсатында Қапшағай қалалық пробация қызметі 14-24 наурыз аралығында “Пробация” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Қапшағай қалалық ПҚБ қызметкерлерімен және Қапшағай қалалық ПБ ЖПҚБ УПИ бірлесе отырып, ПҚ қармағындағы әкімшілік аймақта тұратын бас бостандығынан айыру жазасымен байланысты емес сотталғандардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріс жүргізілді.

Тексеріс барысында пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандармен қайта қылмыс болдырмау мақсатында профилактикалық сұхбат жүргізеді. Қызметкерлер тарапынан есепте тұрған сотталғандардың кіммен тұратындығы, тұрғын үйінің жарамдылығын, қайда жұмыс істейтіндігін тексеруде.

Алкогольдік ішімдіктер, есірткі және өзге де денсаулыққа зиян психотроптық заттарды тұтыну фактілерінің кесірінен болатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында бас бостандығынан айыру жазасымен байланысты емес сотталғандармен бірге тұратын туыстарынан және көршілерінен сауалнамалар алынуда.

Жазаны өтеу ережелерін бұзған сотталғандар жауапқа тартылады, жазаны өтеу ережелерін бұзу туралы фактілері сотқа беріледі. Мысалы, 14 наурызда Қапшағай қалалық сотының қаулысымен сотталған Қ. және Р. жазаны өтеу ережелерін бұзғандары үшін жазаларының өтелмеген бөлігін бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыным қанағаттандырылды. Пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарға бақылау жасап қана қоймай, оларға әлеуметтік-құқықтық көрсетуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру