Қарағанды академиясының курсанттары әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерін қарсы алды
Қарағанды академиясының курсанттары ағайынды Коваленколарды салтанатпен күтіп алды. Захар Коваленко гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанып, ал оның егізі Назар күміс жүлдені қанжығасына байлаған еді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
«Бірінші курс курсанттары, ағайынды Коваленколар – Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін, Азияның екі дүркін чемпиондары. Захар 24 келілік гір тасын жұлқа көтеруде абсолютті нәтижемен алтын жеңіп алды – 10 минутта 222 рет көтерді. Назар дәл сол уақыт ішінде гір тасын 184 рет көтерді», – деді академия қызметкерлері.
Атап өткен жөн, спортшыларды дайындауда Қарағанды академиясының дене шынықтыру кафедрасы мен олардың жеке бапкері Сергей Гутевичтің еңбегі орасан зор.