Қарағанды колониясының қызметкерлері жетім балаларға көмектесті
«Анашым, мені қалдырма!» Балалар үйінің тәрбиеленушісі Қарағанды колониясы қызметкерінің әйелін «Ана»деп атады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің «№29 мекеме» РММ қызметкерлері тұрақты негізде жануарлар панасына, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге, аз қамтылған азаматтарға және ең бастысы балалар үйлеріне қайырымдылық көмегін көрсетеді.
Жақында мекеме бастығының орынбасары Қуат Араоновтың жұбайы және оның баласы Қарағанды қаласының «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК бөлімшесінде болған кезде Теміртау қаласының балалар үйінің 5 және 12 жастағы екі тәрбиеленушісімен кездесті. Олар әйелдің жылы қарым-қатынасы үшін оны «ана» деп атады.
– Қараша айының ортасында баламыз ауырып, жолдама бойынша менің жұбайым мен қызым Қарағанды қаласының «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Әйелім ол жерде 12 жастағы Андрей деген баламен кездескенін айтты. Ол бес жастағы ауыр науқас Ваняға қарайды екен. Жұбайым Андрейді жай ғана көрші, ал Ваня анасымен бірге деп ойлапты. Бірақ анасының келмегенін көріп, ол Ванянын туыстары қайда екеніне қызығушылық танытыпты. Андрей олардың балалар үйінен шыққанын, туыстар емес екенін және қазіргі уақытта ол Ваняға қамқорлық жасайтынын айтқан. Ваня асқазан-ішек жолына ауыр операция жасады. Қазір жағдайы тұрақты, бірақ оңалу әлі де ұзақ болады. Бұл сәбидің көзқарасы, оның ақылдылығы әйелімді қатты таң қалдырды. Ол достар арасындағы жылы қарым-қатынасты көріп, көзіне еріксіз жас алды. Олар балалар болса да, достық, қолдау дегенді біледі. Түсінеді, – деп бөлісті мекеме бастығының орынбасары Куат Араонов.
Бұл оқиға туралы білгеннен кейін Қуат Араонов бастығы Игорь Бендерскийге және мекеменің жеке құрамынан балаларға материалдық көмек көрсетуді сұраған. Олар бір тәулік ішінде шамамен 100 мың теңге көлемінде ақша жинаған.
– Азық-түлік, жеміс-жидектен бастап барлық қажетті заттарды сатып алып, балаларға бердік. Ваня қысқа уақыттың ішінде әйеліме қатты үйренді. Психикалық және физикалық ауырсынуға қарамастан оның көңіл-күйі көтеріңкі болды. Жұбайым мен баламды үйге шығарғанда, Ваня әйеліме «Анашым мені қалдырма», деп оны қатты құшақтады, – деп бөлісті Қуат Араонов.