Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысы аумағында ”Назар аударыңыз – балалар!” жедел алдын алу шарасы өтуде

Қарағанды облысы аумағында ”Назар аударыңыз – балалар!” жедел алдын алу шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың басынан бері Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан төрт бала қайтыс болып, 26 бала мен жасөспірім жарақат алды.

Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 23 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында облыста “Назар аударыңыз – балалар!” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Бұл іс -шараның негізгі мақсаты – балаларға жолдағы қауіпсіздікті шараларын сақтауды насихаттау, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің жолдарда қауіпсіздіктің негізгі дағдыларын үйрету мен бекіту бойынша шаралар кешенін жүргізу.

ЖПШ аясында полицейлер жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларымен кездесулер, сабақтар, викториналар мен жарыстар өткізеді, сонымен қатар онлайн сабақтар оқытады. Полицейлер балаларға арналған орындықсыз немесе арнайы бекітпесіз балалар тасымалдайтын жүргізушілерді қатаң бақылауға алады.

Біз жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамыз, көлік жүргізушілерді балаларды тасымалдау кезінде балалар орындықтарын қолдануы қажет, себебі балалар – біздің болашағымыз және олардың қауіпсіздігі біздің қолымызда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру