Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде белгілі әншінің қатысуымен концерт өтті

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №31 мекемесі РММде әнші Мәди Ахметқожаның қатысуымен концерт өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандардың орындауындағы Отан, махаббат және достық туралы рухани патриоттық әндер ешкімді бей-жай қалдырмады. Домбыра мен гитарада музыкалық шығармалар шырқалды.      

 Белгілі әнші Мәди Ахметқожаның орындауында «Жалған өмір-ай», «Қазағым-ай», «Бәрі де жақсы болады» сынды танымал хиттер мен жаңа композициялар шырқалды. Әнші мойындағандай, колонияға алғаш рет өнер көрсеткен кезде тек жақсы әсерлер қалды. Әр әнді қошеметпен қарсы алатын қызығушылық танытқан және ризашылық білдірген көрермендерді көру өте қуантты.

 Концерт соңында әнші Мәди Ахметқожа мекеме әкімшілігіне іс-шараны шақырғаны және ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді

 Жазасын түзеу колониясында өтеп жатқан сотталғандарға жеке тілектерін жолдады.

Тәжірибе көрсеткендей, мұндай іс-шараларды бас бостандығынан айыру орындарында өткізу сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысының құрамдас бөліктерінің бірі. Бірінші кезекте мұндай іс-шаралар сотталғандар арасындағы психологиялық ахуалды жақсарту үшін қажет.

Жауап қалдыру